Тікелей эфир

Алматы метросындағы пойыздардың жүру аралығы 6 минутқа дейін қысқарады

Метрода күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін жолаушылар қатынайды.

Алматыда 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап метро станцияларының арасындағы қозғалыс 6 минутқа дейін қысқартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мегаполисте қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсіп жатыр.

"Алматы метросында күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін жолаушылар қатынайды. Бұл өткен жылдың мамыр айында жаңа 2 станция қосылғаннан кейін болып отырған жағдай. Осыған байланысты 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, қозғалыс аралығын 6 минутқа дейін қысқартатын 3 жылжымалы құрылым іске қосылады", – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол 2025 жылы "Қалқаман" станциясының құрылысын аяқтау жоспарланғанын айтты. Одан бөлек батыс бағытта "Барлық" базарына дейін 3 жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатқанын мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 100 жаңа автобус жолға шығады


 

Серіктестер жаңалықтары