Тікелей эфир

Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады

Ол 2048 жылға дейін жұмыс істейді деп жоспарланған.

Индустрия және инновациялық даму министрлігі Алматы облысында құрылатын G4 City арнайы экономикалық аймағы туралы ереже жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

Еске салайық, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы тасжол бойында төрт заманауи аудан бой көтереді. Олар Gate District, Golden District, Growing District и Green District атауларына ие.


Оқи отырыңыз: Токаеву представили проект G4 City в Алматинской области


Ал осы жобамен аттас G4 City арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсаты – облыстың жаңа аудандарына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалмен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, өңірге келетін қазақстандық және шетелдік азаматтар үшін заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамытып, Алматы облысында қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастырады.

G4 City арнайы экономикалық аймағының шекара жоспары

Арнайы экономикалық аймақ 30 мың гектар аумаққа орналасып, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" ҚР заңы аясында жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес, G4 City арнайы экономикалық аймағы 2048 жылға дейін жұмыс істейді. Бұл аралықта 6845 млрд теңге инвестиция тарту көзделсе, сонымен бірге 61 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ереже жобасы 9 ақпанға дейін жария талқыға ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары