Алматы мектептері Kundelik орнына BilimClass электронды журналына көшті. Оған не себеп

Фото: BilimClass
Фото: BilimClass
Бұл платформа Алматыдан бөлек, 11 өңірде қолданылады. Оны қолдану қызметі – тегін.

Алматы қаласының Білім басқармасының шешіміне сәйкес, 2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап қала мектептері BilimClass электрондық журналына көшеді.

Бұл шешімге дейін платформа жан-жақты талдаудан өтіп, Алматы қаласындағы 15 мектепте пилоттық режимде апробацияланған болатын. Оған қоса, платформаға көшу алдында мұғалімдер BilimClass-пен жұмыс істеу бойынша тегін оқудан өтті. Қолдау қызметі мектептерді сүйемелдеп, туындаған сұрақтарға жедел түрде жауап береді.

BilimClass – тегін мобильді қосымшасы бар, серверлері Қазақстан аумағында орналасқан және пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ететін толықтай қазақстандық платформа. 

Ол электрондық журналы мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және аналитика құралдарын да ұсынады. Қазіргі таңда BilimClass жүйесін Қазақстанның 11 өңіріндегі 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланып отыр. Платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданыста. 

Айта кетейік, BilimClass – серверлері Қазақстан аумағында орналасқан толықтай отандық өнім. Жүйе пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етіп, заңнамалық талаптарды қатаң сақтайды. Ата-аналар мен оқушылар BilimClass мобильді қосымшасын тегін пайдаланады. Қосымша сабақ кестесі, сабаққа қатысу, оқу үлгерімі мен үй тапсырмалары туралы толық ақпарат ұсынады. Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын жүктеу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қолжетімді.

Серіктестер жаңалықтары