Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов тағы үндеу жасады.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыда коменданттық сағат енгізілді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылған, олар заңның, азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғауында тұрады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", – деді Қанат Таймерденов.
Оның сөзінше, "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның қолданылу мерзіміне қатаң сақталуы тиіс шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылған. Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделген. Ол азаматтарды осы талаптарды мүлтіксіз орындауға және погромдарға, талан-таражға және экстремизмге қарсы шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.
5 қаңтарға қараған түні экстремистік топтар күшейе түсті. Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 120-дан астам көлік құралы, оның ішінде 33 полиция көлігі, "жедел жәрдем" бригадасы, өрт сөндіру автомашиналары өртенді. Бизнес зардап шекті: 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 100-ге жуық ШОБ кеңселері бұзылды. 500-ден астам бейбіт тұрғын, оның ішінде 130 әйел мен қарт адам соққыға жығылды.
"Бүгін қала экстремистер мен радикалдардың жаңа шабуылдарына ұшырады.Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шаралар қабылдануда. Біз көшеге шыққандарды таратуға шақырамыз. Біздің басты мақсатымыз – зорлық-зомбылық пен радикализмнің ушығуының одан әрі өсуіне жол бермеу. Мен қала тұрғындары мен қонақтарын үйде болуға, үрейленбеуге және арандатушылыққа берілмеуге, ресми дереккөздерден алынған ақпаратты басшылыққа алуға және мемлекетіміздің заңдарын құрметтеуге шақырамын", – деді Қанат Таймерденов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
309
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
290
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
282
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
267
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
232
-
0
-
2
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
230
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
206
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
203
-
3
-
6
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
172
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
85
-
0
-
1
-