Алматы облысы Қошмамбет ауылында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау әрекеттері болған.
Бас прокуратура Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғаны туралы хабарлады.
Ол 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы ұстау изоляторында азаматтарды азаптау ісіне қатысты. Әбілбеков бүгін, 28 мамырда ұсталды. Басты қадағалау органы басқа мәліметтерді жария етпейді.
Әбілбеков 2019 жылдың қарашасынан бері Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы: 25 адам өзін ыстық үтікпен азаптады деп арызданған