USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде Алматыда бірқатар көше уақытша жабылады

Фото: almaty-marathon.kz
Фото: almaty-marathon.kz
Биылғы додаға әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады.

2026 жылғы 19 сәуір күні Алматыда тоғызыншы рет Almaty Half Marathon жартылай марафоны өтеді. Іс-шараны "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыс күні қалада жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, 19 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін көшелердің бірқатар бөліктері ішінара жабылады.

Жартылай марафон таңғы 07:00-де Тұңғыш Президент саябағы маңында басталады. Осыған байланысты:

  • Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін 00:00–12:00 аралығында жабылады (оңтүстік бөлігі ашық);
  • Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиевтен Назарбаев даңғылына дейін 06:45–09:45 аралығында жабылады;
  • Сейфуллин даңғылы (әл-Фарабиден Абайға дейін) 07:10–09:05 аралығында толық жабылады;
  • Абай даңғылының оңтүстік бөлігі Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін 08:50–11:15 аралығында жабылады;
  • Абай даңғылының оңтүстік бөлігі Сейфуллиннен Байтұрсыновқа дейін 07:20–09:15 аралығында жабылады;
  • Саин көшесінің шығыс бөлігі әл-Фарабиден Абайға дейін 08:30–10:20 аралығында жабылады (батыс бөлігі ашық).

Бұл шектеулер жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігі мен қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.

Айта кетейік, биылғы додаға әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз