Тікелей эфир

Алматы ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді

Олардың алғашқы өскіндері қаңтардың ортасында-ақ көрінген.

Алматының ботаникалық бағында галантус, яғни бәйшешек гүлдеді. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі Instagram желісінде хабарлап, гүлдеген бәйшешектердің видеосын салды. 

"Енді көктем келді деп анық айта аламыз! Ақырында біз ботаникалық бақта галантустың гүлдегенін көрдік. Оларды басқа атпен бәйшешек деп те атайды. Шын мәнінде, бұл гүлдердің алғашқы өскіндері қаңтардың ортасында пайда болды, бірақ суық және қалың қар олардың толық гүлденуіне жол бермеді", – делінген Алматы ботаникалық бағының хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Главный Ботанический Сад (@botsadkz)

Бәйшешек – күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. Ол ақ, көгілдір немесе күлгін түсті болып келеді.

Еске салайық, бұл гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғандарға айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді


 

Серіктестер жаңалықтары