Алматы әуежайында "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде болған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, рейс барысында шетелдік төрт азамат арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан әуе кемесінің бортында тәртіп бұзылған.
"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті негізінде шетелдік төрт азаматты рейстен түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжалдың соңы төбелеске ұласқан", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау бабымен қылмыстық іс тіркелді. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған азаматтарға қатысты да заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
USD:
514.3 / 516.9
EUR:
602.5 / 607.5
RUB:
6.39 / 6.51