Алматы әуежайында қыркүйек айының ортасына қарай 150 орындық жаңа көлік тұрағы ашылады. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу барысында Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тұңға Ерсой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, келесі айда тағы бір қосымша автотұрақ ашу жоспарлануда. Ол автотұрақ 100 орынға есептелген.
"Көлік тұрағының жайы расында қиын. Оның үстіне, жөндеу жүргізіп жатқандықтан, кептеліс 2 есе артты. Дегенмен мәселені шешпей, бей-жай қарап отырған жоқпыз. Пандус көліктердің қозғалысын реттеуге біршама көмектесіп жатыр, екі қабатта да қозғалыс жүріп тұр", – деді Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тұңға Ерсой.
Оқи отырыңыз: Берік Асылов: Әуежайлар маңында ұшақтың қонуына қауіпті 100 мыңнан астам нысан бар.