Алматы әуежайына шұғыл қонған ұшақта шетелдік әйел қайтыс болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Lufthansa ұшағы Алматыға шұғыл қонды.

Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұған ұшақ бортында болған жолаушының кенеттен жағдайының нашарлауы себеп болған.

Қазақстанның Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, рейс барысында бір әйел адамның денсаулығы күрт нашарлаған. Осыған байланысты экипаж ең жақын әуежай ретінде Алматыға қону туралы шешім қабылдаған.

Алайда әуежай дәрігерлері мен жедел медициналық жәрдем қызметі ұшақ жерге қонғанға дейін әйел адамның көз жұмғанын анықтады.

"Алдын ала болжам бойынша, жолаушының жүрегі тоқтап қалған. Марқұм — шетел азаматы", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз