Новости спорта

Алматы, Астана, Шымкентте сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген жоқ

ОСК сағат 20.10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпаратты жариялады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы. 

Орталық сайлау комиссиясы

Алматы, Астана, Шымкентте сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беруге келмеген. Өңірлер бойынша жалпы ақпарат келесідей:  

  • Абай облысы бойынша – 57,02%;
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%;
  • Алматы облысы бойынша – 60,03%;
  • Атырау облысы бойынша – 50,22%;  
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21%;  
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48%;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,10%;  
  • Қызылорда облысы бойынша – 66,46%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%;
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%;
  • Астана қаласы бойынша – 42,91%;
  • Алматы қаласы бойынша – 25,82%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 45,46%.

Еске салайық, Қазақстанның батысындағы бес облыстан өзге өңірлерде сайлау учаскелері жабылды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550азаматтың құқығы бар.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары