"Қазақстан – түрлі этнос пен мәдениет өкілдерін біріктірген ортақ шаңырағымыз. Алғыс айту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қиын-қыстау сәтте бір-біріне қол ұшын созу – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің мызғымас тірегі", – деді қала басшысы.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды алматылықтардың қаланың дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды.
"Алматы – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тың бастамаларыңыздың және туған қалаға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында дамып келе жатқан мегаполис. Тұрғындардың белсенділігі мен жанашырлығы қаланы жайлы, заманауи әрі қуатты етеді", – делінген құттықтау мәтінінде.
Құттықтау соңында қала әкімі әрбір отбасыға тыныштық, игілік пен береке тілеп, қаланың өркендеуіне қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы мен жасампаз еңбегі үшін тұрғындарға ризашылық білдірді.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13