Тікелей эфир

Алматы әкімдігінің ғимаратын жөндеуге үкімет резервінен 7 млрд теңге бөлінеді

Жөндеу жұмыстарын 2023 жылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеу мақсатында Үкімет резервінен Алматы әкімдігіне 7 010 773 250 теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл шығын 2023 жылғы республикалық бюджетте көзделген және Алматы әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы аударылады.

Қаулының түсіндірме жазбасына сәйкес, жөндеу жұмыстарын 2023 жылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, қаулы жобасында Алматы қаласы әкімдігі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қаражатты қалай пайдаланғаны жөнінде есеп беруі тиіс екені жазылған.

"ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жаңартуға мүмкіндік береді. Мақсат – Алматы қаласы аппаратының сапалы және уақтылы жұмыс істеуі үшін ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес қалпына келтіру. Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша құрылысты 2023 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланып отыр",  – делінген түсіндірме жазбада.


Оқи отырыңыз: Горело, но выстояло: когда начнётся реконструкция здания акимата Алматы и кто её оплатит


Қаулы жобасы 2 наурызға дейін онлайн талқыға ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары