Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылады. Олар:
- сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы;
- қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы.
Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында белгілі болды.
Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестірумен айналысады.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің салдары: Алматы облысының Ұйғыр ауданында төтенше жағдай жарияланды
"Аталған басқарманың жұмысы сейсмоаудит жүргізуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеуге, сондай-ақ азаматтық қорғану, жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді", – деді Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов.