Алматы әкімдігі жылы ескі көліктерді жаппай сатып алуды жоспарлап отыр

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қарапайым нарықтағы бағасы 600 мың теңге, бірақ әкімдік 1 миллион теңге деп бағалауы мүмкін.

Алматы әкімдігі дәл осындай жылы ескі көліктерді жаппай сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бірақ мұндай мүмкіндік тек қалалықтарға ғана ұсынылмақ. Яғни экология және қоршаған орта басқармасының мәлімдеуінше, жергілікті билік Оңтүстік астанада тіркелген көліктерді ғана сатып алмақшы. 

Баптасаң 88 жылғы бұл темір тұлпар да әлі біраз жүреді. Майын ауыстырып, уақытылы жөндеп тұрсаң жолда қалдырмас. Алайда әкімдік үшін бұл көлікті қанша күтсең де жаңа талапқа сай емес. Себебі бұл машинаның экологиялық стандарты ЕУРО-0.

Ал мәслихат мақұлдаған ереже бойынша көліктің стандарты Еуро-5-тен төмен болмауға тиіс. Яғни, 2009 жылға дейінгі машинаның иесі кейін қалада жүргені үшін ақша төлейді немесе мемлекетке сатады. 

Жаңа талапты әзірлеуші топ мүшесінің айтуынша, әкімдік көлікті медианалық нарықтық бағаға сатып алады. Әр транспорттың техникалық жағдайына, маркасы мен моделіне, жылына қарай құны төленеді дейді. Яғни, жалпыға бірдей баға белгіленбеген. 

"Қарапайым нарықтағы бағасы 600 мың теңге, бірақ әкімдік 1 миллион теңге деп бағалауы мүмкін. Ал 3 миллион теңгеден жоғары болып, мемлекет ұсынған ақша аз шықса, көлік иесі оны облыс тұрғынына сатсын. Бірақ мәжбүрлеп сатқызу деген жоқ. Ескі көлігінен түспеймін десе, экология үшін ақысын төлеп жүре алады", – деді Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Ерлан Бұзырбаев. 

Жалпы жергілікті билік Алматының ауасының ластануының бір себебі ескі көліктерден көреді. Сондықтан жылы талапқа сай емес машинадан қалада жүргені үшін ақша алу тәртібін енгізуге білек сыбана кірісіп жатыр. Ал ескі темір тұлпарларды содан жиналған қаржыға сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары