AlmaU студенттері мен DAR Team командасы Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарридің жекпе-жегін бірге тамашалады

Қатысушылар спорт жобаларын басқару және онлайн білім беру саласы жайлы пайдалы білім алды.

AlmaU қабырғасында DAR Team командасы студенттермен бірге UFC жекпе-жегінің тікелей трансляциясын тамашалап,  фан-кездесу мен дәрістер ұйымдастырды. Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарридің жекпе-жегін көруге жексенбі күні таңертең 200-ден астам жанкүйер қатысты. AlmaU университетінің Спорт менеджменті орталығы бұл іс-шараға кез келген адамның тіркеліп, тегін қатысуына мүмкіндік берді. "ММА Жаршысы" Қазақстанның бағына біткен мақтанышы әрі DAR Team Pro жұлдызы — Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегінен трансляция жүргізді. Сонымен қатар, кездесу қатысушылары DAR U және Darlean эксперттерінен спорт жобаларын басқару және онлайн білім беру саласы жайлы пайдалы білім алды.

"Бұл оқиға спорт, білім және серіктестік қолдаудың синергиясының жарқын үлгісі болды. AlmaU және DAR U мәдениет пен сапалы білім насихаттауды жалғастыра береді", – деді DAR U бас директоры Айсұлу Минеева.

Darlean ERP платформасын Naiza кәсіби спорт лигасы сияқты ірі жергілікті және шетелдік спорт жобалары қолданып, жемісін көріп отыр. Қазақстандағы ШОБ пен менеджерлер кез келген студент пен оқытушы қолдана алатын технологияларды жұмысына пайдалана алады.  шағын және орта бизнесі мен менеджерлері ірі бизнес технологияларды студенттер мен оқытушыларға қолжетімді деңгейде қолдана алады. DAR Team DAR технологиялық холдингінің бір бөлігі ретінде қазақстандық спортшылардың әлемдік аренада дамуына ықпал етіп, қайырымдылық гранттарын бөліп, жастар мен жаттықтырушыларға, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт саласынан басқа да жобаларға үнемі қолдау білдіріп келеді.

"Спорт – бұл мәдениет пен бизнестің қозғаушы күші. Біз спортты адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыруға күш саламыз. Сонымен бірге спорттық іс-шараларды ғана емес, жанкүйерлер мәдениетін және спорттың коммерциялық қырларын дамыту, процестерді автоматтандыруды да көздейміз. AlmaU бизнес университет болғандықтан, болашақ спорт менеджерлерінің кәсіпкерлік машығын дамытуға баса назар аударады. DAR компаниялар тобымен бірінші рет серіктес болып отырған жоқпыз. Өткен жолы Шавкат Рахмонов пен DAR Team басшылығы студенттерге спорт менеджментін оңтайландыратын технологияларды қолданудың қаншалықты тиімді екенін көрсететін кейстерге тоқталған еді", – деді AlmaU Спорт менеджменті орталығының директоры Нұрлыбек Сыздықов. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары