Биыл Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен магистранттарының саны артқан.
Бұл туралы оқу орнының кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымова айтты. Бір математика, физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының өзіне биыл математикадан – 119, физикадан 49 магистрант келген.
"Соңғы кезде мұғалімдер даярлау саласы өз тиімділігін көрсетті, жалақы да өсті. Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтанда 400-500 мың теңге жалақы алатын мұғалімдер бар. Магистранттар жоғарғы оқу орнынан кетіп, мектепке барып жатыр. Бұл – бұрын-соңды болмаған нәрсе. Осыған байланысты биыл "Алтын белгі" алғандар педагогика мамандығы бойынша білім алуды жөн көріп жатыр. Конкурсқа 75-тен жоғары балл алғандар қатысты, бұл да – жақсы көрсеткіш. Бұрын мектептерден 10 жыл ішінде 120 мың маман кеткен екен. Сонда қанша ақша босқа кетті?! Тескен шелек сияқты. Ал қазір ондай жоқ", – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.
Мұнымен қатар, кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымова бакалавр ғана емес, магистратураға түсушілердің де қатары көбейгеніне тоқталды.
"Биыл біздің университетке келген бакалавр студенттеріне мұғалім таппай, аудитория жеткізе алмай жатырмыз. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Яғни, мұғалім болуға талап білдіріп отырғандар өте көп. Екіншіден, біз магистратураға мамандыққа баулу жұмыстарын жүргізе отырып, саусақпен санап отырып алушы едік. Ал биыл біздің кафедраның өзіне математикадан – 119, физикадан 49 магистрант келіп отыр. Басқа факультеттерді санамағанда. Мұнымен қатар, біз де 500 мың теңге көлеміндегі бірінші айлығымызды алдық. Таңғалып "Не үшін бердіңдер, көп қой" десек, есепшілер "Жоқ, бұл сіздердің жалақы" дейді", – деп күлді Алма Әбілқасымова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
272
-
0
-
1
-
-
2🏅 Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
-
245
-
0
-
2
-
-
3✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
214
-
0
-
0
-
-
4🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
194
-
0
-
2
-
-
5🏗 Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
193
-
0
-
0
-
-
6⛔️ Астана – Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
-
195
-
0
-
0
-
-
7🚫 Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады
-
198
-
1
-
0
-
-
8📚 Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді
-
180
-
1
-
3
-
-
9💸 Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
-
174
-
1
-
3
-