Тікелей эфир

Әлихан Смайылов Назарбаев қоры, университеті және мектептерінің жоғарғы кеңесінің басшысы болды

Жазда кеңесті қазіргі президент немесе ол тағайындайтын адам басқаратыны туралы заңға қол қойылды.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғары қамқоршылық кеңесін басқарды. Бұл туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының сайты жариялады.

Бұған дейін бұл қызметті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарған болатын.

Кеңес құрамына кіргендер:

  • Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
  • Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ирғалиев;
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
  • Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми.

Оқи отырыңыз: Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша?


Жазда Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғарғы қамқоршылық кеңесінің төрағасы республиканың тұңғыш президентінің орнына қазіргі президент немесе ол тағайындайтын тұлға болатын заң қабылданған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары