Тікелей эфир

Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді?

1 наурызда Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 29 ақпанда басталады.

11:00 - де Мемлекеттік мұрағатта Алматы қаласының этномәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Алғыс айту – асыл қасиет» дөңгелек үстелінің отырысы өтеді. Бұл туралы Алматы қласының әкімдігі хабарлады. Бұл туралы Алматы қласының әкімдігі хабарлады.

 Бұдан басқа, 1 наурызда Алматыда келесі іс-шаралар өтеді:

  • "Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығында сағат 10:30 – да «Алғыс айту – парызым» концерті өтеді, ал "Жаңа ғасыр" жастар театрының актелары сағат 11:00-де №2 қалалық балалар үйінде «Арыстан патша» спектаклін қояды.
  • Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11:00-де "Алладиннің сиқырлы шамы", ал 16:00-де "Арыстанның қорқынышын қалай емдеуге болады?" спектакльдері көрсетіледі.
  • 11:00-де Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйінде ғалымдар, тарихшылар мен алаштанушылардың қатысуымен Алғыс айту күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.
  • 15:00-де Alatau Cretive Hub-та мектеп оқушылары арасында "Алғысқа толы ақ жүрек!" поэтикалық конкурсы болады.
  • дәл осы уақытта Д. А. Қонаев музейінде мерекеге орай "Құрметті Дінмұхамед Ахмедұлы" хаттар көрмесі ашылады.
  • Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінде сағат 16:00-де "Ризашылық мейірімділік бұлағы" атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары мереке күні қалалық коммуналдық қызметтерге шай мен бауырсақ таратуды және қаланың пансионаттарында жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қаланың әрбір комьюнити орталығында концерттер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.


Оқи отырыңыз: Ораза айт күні сәресін ішу керек пе?


Сонымен қатар, қаланың кейбір аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

Түрксіб ауданында 29 ақпан күні сағат 15:00-де №6 Оқушылар үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шекіз халқыма» атты концерттік іс-шара өтеді.

Наурызбай ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-де Шұғыла ш/а, 347/4 мекенжайда оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында. мерекелік концерт өтеді.

Әуезов ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-де Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қабдолов көшесі, 12 мекенжай бойынша ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Серіктестер жаңалықтары