"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша "Қайрат" – "Олимпиакос" матчының үздік ойыншысы атанды.
Екі команда Астана Аренада УЕФА Чемпиондар лигасының алтыншы туры аясында кездесіп, матч 1:0 есебімен аяқталды. Темірлан Анарбеков ойынның 73-минутында бір ғана гол жіберіп алды. Гол авторы – португалиялық шабуылшы Желсон Мартинш.
Темірлан Анарбеков "Қайрат" капитаны ретінде алғаш рет алаңға шықты. Ол матч барысында сегіз сейв жасады. УЕФА ресми өкілдері де Анарбековтың ойынын ерекше атап өтті.
Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасы аясында төрт ойын өткізіп, 26 сейв жасады. Темірлан Анарбеков үш мачта алты гол жіберіп алса, ал "Пафосқа" қарсы ойында қақпаға гол кіргізбеді.
USD:
521.3 / 523.9
EUR:
611.5 / 616.5
RUB:
6.45 / 6.57