Әлемдік бренд – Canon компаниясы Қазақстанда өткен фотографтары мен видеографтардың басын қосқан форумда өзінің амбассадорларының қатары қазақстандық фотографпен толығатынын хабарлады. Компанияның таңдауы үйлену тойларының кәсіби фотографы Асқар Бумагаға түскен. Ол – бренд амбассадоры атанып отырған Қазақстандағы алғашқы фотограф.
Компания өз амбассадорларын өте мұқият таңдайды. Олардың өз жұмысында қолданатын техникалық дағдылары, бірегей идеялары мен шығармашылық әдістері де өте маңызды.
"Компания Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді және осы жылдар ішінде компанияның өнімдері кәсіби фотографтарға өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесуде. Біз Асқар Бумаганың Қазақстандағы алғашқы Canon амбассадоры болғанына өте қуаныштымыз. Оның фотосуретке деген құштарлығы мен таңғажайып оқиғалар кескінін жасаудағы ерекше дарыны бізге фотографтардың жаңа буынын бірегей контент жасауға шабыттандыруға көмектесетініне сенімдіміз", – деп атап өтті Canon CEE Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Әзиз Ниязов.
Асқар Бумага – үйлену тойларының кәсіби фотографы және ол фотосурет саласына "қызмет" ұғымын алғаш енгізгендердің бірі. Ол үйлену тойының бірегей фотосуреттерін жасаумен танымал және оның жұмысы эмоция мен ерекше атмосфераға толы.
Оқи отырыңыз: "Ауыл тірлігінің ауырлығы жас күнде білінбейді". Түркістан облысы әйелдерінің әлеуметтік портреті
Асқар өзінің кәсіби еңбек жолын Энергетика институтының Инженерлік кибернетика факультетіне түсіп, "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша білім алған уақыттан бастады. Университетті бітіргеннен кейін ол энергетика саласындағы кәсіби жолын жалғастырды. Зауытта бес жыл жұмыс істеді.
Энергетикадағы табысты мансабына қарамастан, Асқардың шығармашылық салаға әрдайым бүйрегі бұрып тұрды. 13 жасынан бастап ол фотосуретке қызығушылық танытты, бірақ ол ұзақ уақыт бойы бұл салаға мән бермеді. Бір кездері ата-анасы оған 36 кадрлық камераны сыйға тартқан, содан бері ол айналасындағылардың бәрін суретке түсіріп, тіпті камераны мектепке құшақтай келетін. Демалыс уақытында жергілікті фотостудияда құжаттарға 3х4 фотосуреттер жасап, қосымша жұмыс істеген.
Үйлену тойына сыйға тартылған алғашқы камера оның фотограф ретінде қалыптасудағы алғашқы бастамасы болды. Тойға сыйға тартылған Canon 50D фотоаппараты оның өмірінде тағдырлы рөл атқарып, фотосуретке деген көзқарасын өзгертті. Бірте-бірте жай ғана хобби өмірінің бар мағынасына айналды. Қазіргі уақытта ол Canon R6 камераларын және кейде пленкалық камераларды пайдаланады.
"Canon компаниясының амбассадоры болу – зор құрметпен бірге, үлкен жауапкершілік. Мен фотосурет саласының әлемдік көшбасшымен бір бағытта жүргеніме қуаныштымын. Менің фотосурет – ол уақыт машинасы деген философиям, менің жұмысымда да, брендтің миссиясында да көрініс тапты. Мен үйлену тойларын суретке түсіргенде немесе love story жасағанда, мен жай ғана сәттерді түсіріп қана қоймаймын, мен мәңгілікке көпір саламын. Осы фотосуреттерді немерелеріңізбен немесе шөберелеріңізбен көріп отырған тұста, сіздерді өткенге сапар шектіріп, бақытты сәттеріңізбен бөлісуге мүмкіндік береді деп сенемін", – дейді Қазақстандағы Canon амбассадоры Асқар Бумага.