Сарысу аудандық соты әлеуметтік желіде басқа адам туралы шындыққа жанаспайтын мәліметтер жариялаған азамат Е.-ге қатысты әкімшілік істі қарап, оған айыппұл тағайындады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, Е. өзінің Facebook парақшасында Т. есімді азаматпен хат алмасудың скриншоттарын жариялап, онда аурухана әкімшілігі мен бас дәрігер К.-ға қатысты жала сипатты деректерді таратқан. Жазбада медициналық ұйым қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін және олардың жұмысына байланысты негізсіз айыптаулар болған.
Е. сотта мәлімдемелерді ойдан шығармағанын алға тартып, кінәсін мойындамағанымен, скриншоттарды жариялағанын растаған.
Оқи отырыңыз: Ата-аналардың шағымынан кейін 622 стоматологияда жалпы наркозбен тіс емдеуге қатысты тексеріс басталды
Сот отырысы барысында бас дәрігер К. өзіне қатысты жалған ақпараттың таралуы беделіне зиян келтіргенін айтып, заңға сәйкес жауапкершілік қолдануды сұраған. Қолданыстағы заңнамада, яғни ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша, мұндай құқықбұзушылық үшін 180 АЕК айыппұл немесе 20 тәулікке әкімшілік қамақ қарастырылған.
Сот Е.-нің алты кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдетті. Нәтижесінде оған 30% төмендетілген әкімшілік айыппұл — 495 мың теңге көлемінде жаза тағайындалды.
"Бас дәрігер К. сотқа оның беделіне нұқсан келгенін айтып, заңға сәйкес жаза қолдануды сұрады. Заң бойынша (ӘҚБтК 73-3-баптың 2-бөлігі) мұндай әрекет үшін 180 АЕК айыппұл немесе 20 тәулік әкімшілік қамақ қарастырылған. Сот Е.-нің 6 кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, айыппұлды 30%-ға азайтты. Нәтижесінде Е.-ге 495 мың теңге айыппұл салынды. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.
Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
USD:
512.9 / 515.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.51 / 6.63