Қазақстанда алғаш рет әлемдегі ең көне, әрі ең атақты концерттік рояль өндірушілерінің бірі – Bösendorfer роялінің таныстырылымы өтті. Компанияның тарихы екі ғасырға жуық уақытты қамтиды.
Мәдени шара Астана және Алматы қалаларында өтті. Bösendorfer компаниясының бас директоры С. Грюбмюллер ханым Қазақстанға арнайы келді. Іс-шараның ресми серіктесі – Қазақстандағы Bösendorfer брендінің өкілі "Райно" ЖШС, директорлары Ержан Құшанов пен Рахим Тоқсанбаев.
Таныстырылым аясында брендтің флагмандық өнімі – Bösendorfer 280 Vienna Concert концерттік роялі көрсетілді. Бұл аспап күшейтілген резонанстық декасымен жабдықталған және веналық дәстүр мен заманауи технологиялардың мінсіз үйлесімін бейнелейді. Бұған дейін аталмыш бренд Қазақстан нарығында бұрын-сонды ұсынылмаған еді.
Рояльдердің алғашқы үлгілерінің бірі Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебіне орнатылды. 2025 жылғы жаңа модельдің ұзындығы – 2,8 метр және бұл Қазақстандағы ең ұзын концерттік рояль болып отыр.
"Австриялық әріптестерімізбен өткізген алғашқы жобамыз. Биыл бұл аспаптарды оқу орындарына, концерттік ұйымдарға және музыкалық мектептерге кеңінен жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті компания өкілі Рахим Тоқсанбаев.
Аталған іс-шара Қазақстандағы музыка мәдениеті мен кәсіби білім берудің дамуына маңызды үлес қосты. Bösendorfer брендінің келуі ұстаздар, студенттер және концерттік орындаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Іс-шара жабық форматта, арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен, камералық атмосферада өтті. Бұл кездесу халықаралық бренд пен еліміздің мәдени инфрақұрылымы арасындағы кәсіби диалогты нығайту тұрғысынан аса маңызды оқиғаға айналды.
USD:
510.1 / 514.1
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.39 / 6.51