Тікелей эфир

Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды

Өлімнің себебі анықталуда.

Алексей Навальный Харп ауылындағы "Полярная волк" түзеу колониясында қайтыс болды. Бұл туралы Федералдық қылмыстық атқару қызметі хабарлады.

"16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталушы Алексей Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, есінен танып құалды. Дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел медициналық бригада шақырылды",  – деп жазылған Федералдық қылмыстық атқару қызметі департаментінің хабарламасында.

Өлімнің себептері анықталуда.

"Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады", – деп толықтырды Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаментінде.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальныйдың өлімінің себептері туралы мәліметі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

"Дәрігерлер анықтауы керек", – деді Дмитрий Песков.

Алексей Навальный 1976 жылы 4 маусымда Мәскеу облысы, Одинцово ауданы, Бутынь әскери қалашығында дүниеге келген. Ол саясаткер, қоғам қайраткері, заңгер және видеоблогер ретінде әрекет етіп, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы шыққан негізгі оппозиция жетекшілерінің біріне айналды. Навальный алғаш рет Ресейдегі жемқорлықты әшкерелеген жұмыстары арқылы танымал болды.

Оның өмірі 2020 жылдың 20 тамызында «Новичок» тобындағы химиялық тұрғыда улайтын нәрсе салдарынан комаға түскенде күрт өзгерді. Германияда емделгеннен кейін Навальный 2021 жылдың 17 қаңтарында Мәскеуге оралды, бірақ паспорттық бақылауда ұсталды.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді


2022 жылдың 22 наурызында Мәскеудің Лефортов аудандық соты Навальныйды аса ірі көлемде алаяқтық пен сотты құрметтемегені үшін тоғыз жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды. Бұдан кейін 2023 жылдың 4 тамызында Мәскеу қалалық соты Навальныйды ерекше режимдегі колонияда тағы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен тағы бір маңызды шешім шықты. Оған экстремистік қоғамдастық құрды, экстремистік әрекеттерді қаржыландырды және интернетте экстремизмге шақырды деген айып тағылды.

 

Серіктестер жаңалықтары