Тікелей эфир

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбургтің үстінде орналасқан кең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізеді. Жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде өтеді. Қатты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде, 30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында болады деп болжанып отыр. 30 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында, 30-31 наурызда Алматы және Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 6 аяздан -2 жылуға дейін төмендейді, күндіз 5-18 жылуға дейін жоғарылайды. Тек батыста ауа температурасының түнде 1-6-ға, күндіз 13-18-ге дейін көтерілуі болжанып отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары