USD: 480.3 / 482.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ – Тоқаев

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Тек 2023-2025 жылдардың ішінде 540 индустриялық жоба жүзеге асырылды.

Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамы шағын және орта бизнеске тиесілі болып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда бұл секторда еңбек ететін азаматтардың саны 4,5 миллионға жетіп, елдегі жұмысқа жарамды халықтың жартысына жуығын қамтып отыр.  

"Елімізде көлік, тұрмыстық техникалар, жүк вагондарын, құрылыс материалдарын және басқа да сапалы өнімдер шығаратын заманауи зауыттар ашылып жатыр. Тек 2023-2025 жылдардың ішінде 540 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны 3,7 триллион теңге болды. Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады. Бұл – қазынаға түсетін салық көлемі артады, өндіріске озық технологиялар енгізіледі және ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Іске қосылған жобалардың арқасында қазірдің өзінде 50 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны пайда болды. Қалған жобалар жүзеге асқан соң тағы 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады – Тоқаев


Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін қомақты қаржы бөліп жатқанын еске салды. 

"Мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауға баса мән беруде. Осы мақсатқа қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жалпы, Қазақстандағы жұмысқа жарамды азаматтардың жартысына жуығы табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр. Соңғы бес жылда осы секторда еңбек ететін адам саны 4,5 миллионға жетті. Жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Мұны рекордтық көрсеткіш деп айтуға толық негіз бар. Былтыр "Бәйтерек" холдингі арқылы кәсіпкерлерге 8 триллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді", – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз