Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 мектеп ашу жоспарланған.
"Бүгінгі таңда 23,1 мың орынды 13 мектептің құрылысы басталды. Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алу бойынша меморандумға қол қойылды", – деп жазылған хабарлама.
Сонымен қатар, МЖӘ бойынша 2 мың орынға 1 мектеп салынады. Ерболат Досаев атап өткендей, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы "басқарылатын" деңгейге дейін төмендетіледі.
Оқи отырыңыз: Бала үшін жеке мектеп дұрыс па, мемлекеттік мектеп дұрыс па?
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63