Алдағы 4 жылда медицина саласындағы тапшы мамандықтарға 11 мыңға жуық грант бөлінеді

2023-2025 жылдары 156 дәрігерді әлемнің жетекші орталықтарында оқыту жоспарланып отыр.

2021-2025 жылдары медицина мамандықтар резидентурасының грант санын көбейту үшін республикалық бюджеттен 39 млрд 954 млн теңге, жергілікті бюджеттен 11 млрд 568,3 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.

"Дені сау ұлт" жобасының шеңберінде "Адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды жаңғырту міндетіне" 52 млрд 122,2 млн теңге бөлінеді. Республикалық бюджеттен – 40 млрд 554 млн теңге, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 11 млрд 568,3 млн теңге жұмсалмақ.

"Аталған қаражат 2023-2025 жылдары қарқынды терапиямен бірге әлемнің жетекші орталықтарында 156 дәрігерді оқыту үшін жұмсалады. 2023 жылдан бастап жыл сайын 52 дәрігер осылай біліктілігін арттырады. Қаржыландыру көлемі жыл сайын 200 миллион теңгені құрайды. Ал қаржыландырудың жалпы сомасы – 600 млн теңге", – деді министрліктегілер.

Мұнымен қатар, тапшы мамандықтар резидентурасының грант санын 2022 жылы 1500-ден 3800 грантқа дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отырғаны белгілі болды. Бұл мақсатта 2022 жылы – 1500 грант, 2023 жылы – 2600 грант, 2024 жылы – 3060 грант, 2025 жылы – 3800 грант бөлінеді.

"2023 жылы республикалық бюджеттен 1700 грантқа – 9 786 миллион теңге және жергілікті атқарушы органдар есебінен 900 грантқа – 792,4 миллион теңге бөлінеді. 2024 жылы республикалық бюджеттен 1800 грантқа – 10 млрд 947 млн теңге және жергілікті бюджеттерден 1260 грантқа – 3 млрд 486,3 млн теңге бөлінеді. 2025 жылы республикалық бюджеттен 2000 грантқа – 11912 млн теңге және жергілікті бюджеттерден 1800 грантқа – 7289,6 млн теңге бөлінеді", – деді министрліктегілер.

 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары