Алдағы уақытта домофон қызметі тегін болуы мүмкін

Бәсекелестікті қорғау агенттігі домофонға ақы төлеу міндетті коммуналдық төлемге жатпайды деген қорытындыға келген.

Соған орай, агенттік қазіргі таңда домофон ақысын міндетті коммуналдық төлем қызметінен түбегейлі алып тастау мәселесін таразылап жатыр. Алайда әзірге жұрт домофон үшін ай сайын ақы төлеуге мәжбүр. Себебі, домофон орнатушы компаниялар шарт жасасу кезінде көп ретте жабдықты өз теңгеріміне енгізіп жібереді. Ал анығында ол тұрғындардың меншігі болуы тиіс. Сәйкесінше, құрылғыны қолданғандағы тұтынылған электр қуаты да тұрғындардың мойнында.

"Заң жүзінде ондай міндет жоқ. Төлемақы екі арада жасалған келісімшарт аясында міндеттеледі. Сондықтан шарт жасасу кезінде мұқият болу керек. Сәйкесінше, шарт міндетін орындау-орындамау әр тараптың жауапкершілігі болып саналады. Шартпен келіспеген жағдайда оның күшін жоюға болады. Ол үшін тұрғындар бізге не сотқа шағымдануы тиіс", – деп түсіндірді Шымкент қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ернар Қоспаев.

Материал 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы әзірлеген сюжет негізінде дайындалды. 

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз