Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен жаңа жылда ұлттық теміржол тасымалдаушысы қосымша жолаушылар пойыздарын іске қосады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» хабарлады.
Астана (1-вокзал) – Шымкенттен 15, 29 желтоқсанда, Астанадан 1 қаңтарда және 16, 30 желтоқсанда, Шымкенттен 2 қаңтарда шығу;
Астана («Нұрлы жол» вокзалы) – Алматыдан (Алматы-2 вокзалы) 15, 28, 29 желтоқсанда, Астанадан 1, 2 қаңтарда және Алматыдан 16, 29, 30 желтоқсанда, 2, 3 қаңтарда шығу;
Оқи отырыңыз: Кассадан алған пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады
Астана – Павлодар электр пойызы 15, 29, 30 желтоқсанда Астанадан, 18 желтоқсанда, 2 қаңтарда Павлодардан қосымша рейстер жүреді.
"Техникалық мүмкіндік болған жағдайда сұраныс жоғары аудандардағы жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады", – деп жазылған хабарламада.