Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның 2023-2027 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
"2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3 пайызды құрайды. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды. Осы сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар деңгейінде қалыптасады. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9 пайызды құрайды", – деді ұлттық экономика министрі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Инфляция көрсеткіші 2015 жылғы деңгейден асып түсті
Әлібек Қуантыров инфляция таяу жылдары қалай өзгеретіні туралы болжам жасады. Оған сәйкес, инфляция:
- 2023 жылы – 7,5-9,5 пайыз;
- 2024 жылы – 4-5 пайыз;
- 2025-2027 жылдары 3-4 пайыз деңгейінде болады.
"Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2023 жылғы 4 пайыздан 2027 жылы 4,2 пайызға дейін жеделдетіледі деп күтілуде. Номиналды жалпы ішкі өнім 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі. Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тоннаны құрап, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 80,9 млрд АҚШ долларынан 84,6 млрд АҚШ долларына дейін, импорт 45,7 млрд АҚШ долларынан 53,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі", – деді Әлібек Қуантыров.