Екі кандидатты да парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.
VIII шақырылған парламент мәжілісінің алғашқы отырысында Альберт Рау мен Дәния Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды.
Екі кандидатты да парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды. Депутаттар бірауыздан Альберт Рау мен Дәния Еспаеваның кандидатурасын жақтап дауыс берді.
Альберт Рау 1960 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысының Валерьяновка ауылында туған. Ақмола облысының әкімі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, алтыншы және жетінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

Дәния Еспаева 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы, Яйсан ауылында дүниеге келген. Парламент мәжілісінің алтыншы және жетінші шақырылымының депутаты болып сайланды. 2019 жылы президенттікке кандидат болды.

Оқи отырыңыз: Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды
Сондай-ақ, комитет төрағалары сайланды. Олар:
- Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – Серік Егізбаев;
- Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы – Асхат Аймағамбетов;
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы – Снежанна Имашева;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы – Айгүл Құспан;
- Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Такиев;
- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы – Еділ Жаңбыршин;
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы – Нұртай Сабильянов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
335
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
311
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
285
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
272
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
254
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
265
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
216
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
209
-
1
-
2
-