Биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар арасында 30,1 мың жұмыссыз бар. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 5,1% аз. Бұл туралы ranking.kz жазды.
Оның ішінде 5,5 мың азамат теріс қылық жасаса, 24,6 мың азамат қылмыс жасаған. Осы 24,6 мың адамның 10,7 мыңы – орташа ауырлықтағы қылмыс, 8 мыңы – ауыр қылмыс, 5 мыңы – онша ауыр емес қылмыс, 959-ы – аса ауыр қылмыс жасаған.
Заңды бұзатын жұмыссыздардың саны жылдан жылға азайып келеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыздар көп?
Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында болды: 5 мың адам. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 27% артық.
Одан кейін Астана (3 мың адам, 5,8% көбейген) және Алматы облысы (2,4 мың, 40,7% азайған) тұр.
Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (239 адам), Абай (710 адам) және Қызылорда (781 адам) облыстарында тіркелді.
Жұмыссыздар арасында ең «танымал» құқық бұзушылық түрлерінің ішінде алаяқтық (3,7 мың адам, 13,9% көбейген), ұсақ ұрлық (3,1 мың адам, 7,1% азайған), өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз айналдыру (1,6 мың адам, 6,9% азайған) және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (1,2 мың адам, 8,4% көбейген) бар.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы. Оны кімдер және қалай алады?