Айжан Қуатова несиенің жұмыс істемей тұрған картасы арқылы алынғанын айтады.
Жалғызбасты ана Айжан Қуатова 8 жылдан бері жұмыс істемейді. Өйткені, мүгедек қызына қарайтын адам жоқ. Былтыр өзі үйде болмаған кезде қызына алаяқтар хабарласып, әйелдің атынан 500 мың теңге көлемінде несие алған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Маған қағаз шығарып берді. Қағазда 500 мың теңге несие алғаным туралы жазылған. Дәлірек 477 мың теңге алып, 20 мың теңгені сақтандыруға қалдырған. Бұл менің үш жыл бұрын істемей тұрған картам арқылы алынған несие. Онлайн алған екен", – деді Алматы қаласының тұрғыны Айжан Қуатова.
Мамандар алаяқтардың алдаудың түрлі тәсілін табатынын айтады. Соның бірінде – өзін банк қызметкерімен деп таныстырған адам смартфонға қосымша жүктеуді сұрайды. Сол арқылы ол жеке кабинетке кіреді. Артынша атыңыздан несие рәсімдейді немесе ақшаны басқа картаға аударып алады. Интернет-банкинг бұзылды деп үшінші тұлға ақшаңызды қолды етпеуі үшін деп несие алуға көндіреді. Кейін оны банкоматтан алып, басқа шотқа салдырады.
Оқи отырыңыз:
- Телефонды қаржы алаяғынан қалай қорғауға болады?
- Сақ болыңыз: Қаржы пирамидалары тегін оқу ұсынып арбайды
Азаматтардың көбі алаяқтарға жеке дерегін өзі беріп қояды, дейді адвокат.
"Ешкімге өзіңіз жайлы мәлімет айтпаңыз. Шотыңыз бен картаңыздың нөмірін айтпаңыз. Егер жоғалтып алған болсаңыз, дереу полицияға барып хабарлаңыз", – деді адвокат Ғабит Өмірбеков.
Файлдарды жүктеуге шақыратын хабарламалар, вирустық сілтемелері бар спам, қысқартылған сілтемелер, ойындар мен қосымшалар, белгісіз нөмірге телефон соғуға шақыратын қадамдардың барлығы алаяқтардың ісі екенін естен шығармаңыз. Егер қоңырау шалған адам СМС-код сұраса, тұтқаны бірден қойып, банктың колл-орталығына хабарласыңыз. Алаяқтардың құрбаны болып қалмау өзіңіздің қолыңызда.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
276
-
0
-
3
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
254
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
211
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
182
-
0
-
1
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
160
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
134
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
24
-
0
-
0
-