Алатау қаласына ерекше мәртебе беріледі

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Жарлықтың жобасы 10 күн ішінде дайындалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 күн ішінде Алатау қаласына ерекше мәртебе беретін қаулының жобасын әзірлеуді тапсырды.

"10 күн ішінде қалаға ерекше мәртебе беру туралы қаулының жобасын әзірлеу керек. Қала тікелей үкіметке бағынады. Содан кейін, жарты жыл ішінде заң әзірлеп, қаланы басқару режимін, қаржы моделін айқындау керек", – деді Тоқаев.

Бұл ретте президент қалаға ерекше мәртебе беру оның өзгеден артық көру емес, қажет шара екенін атап өтті.  

"Алатау-сити – өңірдің бірінші толыққанды цифрлы қаласына айналу керек. Қалада смарт-басқарудан бастап, қызмет пен тауарларды криптовалютамен төлейтіндей жағдай жасалу керек", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады – Тоқаев


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз