Алаш зиялылары жайлы жаңа кітаптар жарық көреді

Кітаптардың ішінде QR арқылы ашылатын видео дәрістер бар.

Qyr balasy қоғамдық қорының ғалымдары мен жас зерттеушілері әзірлеген "Алаш кітапханасы" сериясы бойынша шығатын кітаптар баспаға жолданды. Олар жуық арада жарық көреді. Бұл туралы аталған қоғамдық қордың құрылтайшысы Заңғар Кәрімхан мәлімдеді.

"Біз бұл орайда бұрын-соңды шығармалары жинақ болып, кітап болып басылып шықпаған, әр жерде жарияланып, бір жерге жиналмаған зиялыларымыздың, есімінің өзі әлі де беймәлім Алаш арыстарын дәріптеуді қолға алдық. Ел президентінің гуманитарлық ғылым саласының ғалымдарынан күтіп отырғаны осындай еңбектер болса керек", – деді Заңғар Кәрімхан.

Екі ай ішінде қор ғалымдары, жас зерттеушілері

  • "Ғазымбек Бірімжан. Шығармалар жинағы";
  • "Біләл Малдыбайұлы. Кенесары заманынан";
  • "Сейітбаттал Мұстафаұлы. Имам Ғазали";
  • "Абдолла Байтасұлы. Көркем әдебиет туралы";
  • "Біләл Сүлейұлы. Үміт" деген кітаптарды дайындады.

"Бұл азаматтардың бәрі де Алаш зиялылары, мұғалімдері, агрономдары еді, бәрі де атылған, сотталған арыстар еді. Шама-шарқымызға қарай еңбектерін жинап, оқырманға ұсынып отырмыз. (...). Алаш арыстарының еңбектері, көтерген мәселелері қай кезде де өзекті. Бүгінгі Қазақсан тәуелсіздігінің заңды тарихи негізі Алаш автономиясының, Қазақ Республикасының жарқын болашағы жолында шаһид кеткен ерлердің ғибратты өмір жолын, рух берер жігер сөздерін оқып, тани жүріңіз!" – деп жазды Заңғар Кәрімхан.

Заманауи дизайндағы кітап ішінде тарихи фотосуреттер мен QR арқылы ашылатын видео дәрістер бар. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары