Қазір комиссия 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесімен айналысып жатыр.
12 желтоқсанды – "Алаш күні" деп ресми бекіту мәселесін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қарайды. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Үкімет басшысы жауабында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссия қазір 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысып жатқаны жазылған.
"Жыл сайын "Ақ жол" партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын "Алашқа тағзым" шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде ісшаралар ұйымдастырылуда. Көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады", – деп жазылған премьер-министр жауабында.
Оқи отырыңыз: Қарин президентке саяси қуғын-сүргін құрбандары бойынша 31 том құжат ұсынды
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш республикасының құрылған күні ретінде – "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұраған болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркиядағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады
-
380
-
2
-
2
-
-
2🇰🇿 Биыл 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
344
-
0
-
5
-
-
3🚨Қазақстандық ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды
-
326
-
0
-
3
-
-
4📣 Қазақстандықтар депозит бойынша 10 пайыз өтемақыны наурыз айында алады
-
335
-
1
-
2
-
-
5"Қарды ерітіп жуынамыз". Алматының Ақжарында ауыз су неге тоқтады?
-
295
-
0
-
0
-
-
6Асхат Аймағамбетов: "Бізге бәсекеге қабілетті білім керек "
-
318
-
0
-
0
-
-
7📲 4% автонесие: Наурызда телефон арқылы өтініш беруге бола ма?
-
315
-
1
-
0
-
-
8119 кандидат: «AMANAT» партиясынан мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді
-
295
-
0
-
2
-
-
9🇹🇷 «Бұл түнді ұйқысыз өткіздік»: Түркияда оқитын отандасымыз апат жайлы пікірін жолдады
-
287
-
1
-
3
-
-
10🥕 Қазақстанда картоп, сәбіз, пияз жеткілікті ме?
-
268
-
0
-
0
-