Тікелей эфир

Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Олар шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр.

Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккен әйел мен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Жәбірленушілердің жағдайы ауыр болды, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", – делінген хабарламада.

Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан емдеу мекемесіне екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді.

"Ауруханада науқастарды емдеуге қажет барлық дәрі бар. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алакөл көлінде дельтаплан құлады. Ведомство өкілдері дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары