Тікелей эфир

Алакөлдегі өрт кезінде қандай демалыс орындары зардап шекті?

Өртті өшіруге демалушылардың өздері де атсалысқан.

Абай облысы әкімдігі Алакөлдегі өрт кезінде қай демалыс орындарын от шарпығанын хабарлады.

Өрт "Керуен" демалыс орнында тұтанып, күшті желдің ықпалымен көршілес "Әйгерім", "Әлихан" және "Жібек жолы" (Үржар ауданы) демалыс орындарын да шарпыған.

Өрт аумағы 3 мың шаршы метрді құрап, оны 6 сағат бойы өшірген. Өртті өшіруге демалушылардың өздері де атсалысқан деген хабар бар. Әкімдіктің хабарынша, өртенген үйлердегі демалушылар көршілес демалыс орындарына жайғастырылған.

Медициналық көмекке жеті адам жүгінген, дегенмен олардың ешбірі ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.


Оқи отырыңыз: Алакөл, Балқаш әлде Каспий? Қазақстанда көл жағасында демалу қанша тұрады?


 

Серіктестер жаңалықтары