USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алаяқтар жасөспірімдердің sim-карталары мен аккаунттарын пайдаланып жүр. ІІМ ескерту жасады

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Аккаунтты бөтенге беру қылмысқа жәрдемдесу болып саналуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактілеріне байланысты азаматтарға ескерту жасады.

Министрлік мәліметінше, алаяқтар кәмелетке толмағандардың sim-карталары мен аккаунттарын өз мақсаттарына пайдаланып жүр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде бағалануы мүмкін екенін атап өтті.

ІІМ дерегіне сәйкес, жасөспірімдер материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін бөгде адамдарға беретін жағдайлар тіркелген. Қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау және өзге де заңсыз әрекеттер үшін пайдаланады.

Министрлік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды басқа адамдарға беру заң бойынша қылмыс жасауға көмектесу ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертті. ІІМ азаматтарды:

  • күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
  • жеке аккаунттарды бөгде адамдарға бермеуге;
  • кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге;
  • мессенджерлерге тіркелген нөмірлерді басқа адамдарға пайдалануға бермеуге;
  • күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлауға шақырды.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз