Әлеуметтік желі қолданушылары елордада күн ашық, қар болмаған кезде қалада қар тазалайтын техникалардың жұмыс істейтініне таң қалды. Нұра ауданының әкімдігі бұл техникалар кір мен шаңды сыпыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
Әлеуметтік желіде 28 қарашада Астанада құрғақ асфальтта қар тазалағыштардың жұмыс істеп жатқаны туралы видео тарады.
Нұра ауданы әкімдігі техникалардың қарды емес, шаң-тозаңды сыпырғаннан кейін жиналған қоқыстарды шығаратынын айтты. Бұл жұмыс қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
"Осы ауданда коммуналдық қызметтер асфальт жабынынан жиекке дейін кір-тозаңды сыпыру жұмыстарын жүргізді.Осыдан кейін жиналған қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл әдетте санитарлық тазалық үшін, қаланы күтіп ұстау үшін жүргізілетін жұмыс", – деп жауап берді әкімдікте.
Оқи отырыңыз: Семейде 150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды