Тікелей эфир

Ақтөбе облысындағы шекара заставасында әскери қызметкер әріптесін атып тастады

Оқиға 2 желтоқсанда "Қиялы" шекара заставасында болған.

Ақтөбе облысындағы шекара заставасында әскери қызметкер әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.

Оқиға 2 желтоқсанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің "Қиялы" шекара заставасында болған.

"Ауызша жанжал нәтижесінде келісім-шарт бойынша әскери қызметші әріптесіне (ол да келісім-шарт бойынша сарбаз) бекітілген қарудан оқ атқан. Оқ тиген әскери қызметкер жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", – деп жазылған хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әскери қызметкер ұсталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.


Оқи отырыңыз: Үйге қайтуына 10 күн қалған: Түркістандағы шекара қызметінде сарбаз көз жұмды


 

Серіктестер жаңалықтары