Президент: Ақтауда үкіметтік комиссия жұмысқа кірісті

Комиссия құрамында Президент әкімшілігінің қызметкерлері бар.

Комиссияның жұмысы басталғаны туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Құрамында Президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді",– деп жазды президент.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілген.

"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс",– деді президент.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз