Прямой эфир Новости спорта

Ақпараттық талдау орталығына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Мекеме енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы деп аталады.

Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, Қазақстандағы білім беру саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ атауын өзгерту жоспарланып отыр.

Құжатта Ақпараттық талдау орталығының қазіргі таңда "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады, талдау жұмыстарын жүргізеді және Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейтіні жазылған. Орталық сонымен қатар Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады.

"Осыған байланысты орталықтың қызметін өз атауында көрсету мақсатында, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып, орталық атауын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы деп өзгерту ұсынылады" делінген қаулы жобасында.


Оқи отырыңыз: Әуезов атындағы ОҚУ зерттеу университеті мәртебесін алады 


Қаулы жобасы 5 желтоқсанға дейін қоғам талқылауында болады. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары