Оқу штаттық форматта жүруі үшін мектептің жобалық қуаттылығына жүктеме 50%-дан аспауы тиіс.
Білім беру ұйымдарында балаларды оқыту форматы қайта қаралды. Осы орайда, бастауыш сынып оқушыларына және кей мектептерге жобалық жүктемесіне қарай штаттық форматта сабақ өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
"Сабақтардың мәжбүрлі түрде онлайн форматта өтуі оқушылар алатын, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы мен қоғамдық өмірге икемделуіне кері әсерін тигізді. Бұл жолы да І және ІІ тоқсандағы тәжірибе ескеріледі – педагогтер мен 12 жастан асқан балалардың 100% екпе салдыруы, оқушылардың денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізу сынды", – деді комитет төрайымы.
Оқи отырыңыз: Covid-19 белгілері байқалмайтын науқастар үшін карантин мерзімі қысқарды
Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова осы жылдың 24 қаңтарынан бастап қуаттылығы 600 оқушыға дейінгі мектептер және бастауыш сынып оқушылары штаттық форматта білім ала бастағанын хабарлады. Оқу штаттық форматта жүруі үшін мектептің жобалық қуаттылығына жүктеме 50%-дан аспауы тиіс.
"Оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациямен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілді: дәрістер – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде. Карантиндік шараларды сақтау – тек білім беру ұйымдарының емес, ата-аналардың да басым міндеттерінің бірі", – деп қосты Айжан Есмағанбетова.
Бұдан өзге бақылау комитетінің төрайымы санэпидбақылау органдары тұрақты негізде эпидемияға қарсы шаралардың сақталуына мониторинг жүргізетінін еске салды.
"Сыныпта КВИ жұқтырған бір оқушы анықталған жағдайда, бұрынғыдай бүкіл сынып онлайн форматқа ауыстырылатын болады", – деді комитет төрайымы.
Еске салсақ, Covid-19 белгілері байқалмайтын науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылғаны туралы хабарлаған едік. 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестіні қосымша тапсырусыз 10-күні аяқталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
350
-
1
-
4
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
344
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
316
-
0
-
4
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
304
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
305
-
0
-
1
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
305
-
0
-
1
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
292
-
0
-
1
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
288
-
0
-
1
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
291
-
0
-
1
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
300
-
0
-
1
-