Бір сынып деңгейінде болатын шараларға қатысты шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды.
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде көпшілік жиналатын кез келген шара өткізуге тыйым салынатынын мәлімдеді.
"Мектептерде таңертеңгілік жиындар мен көпшілік жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынады. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз соған бағынамыз. Сол себепті ертеңгіліктер мен басқа да шаралар өтпейді", – деді Асхат Аймағамбетов сенат кулуарында.
Мұнымен қатар, министр бір сынып деңгейінде болатын шараларға қатысты шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайтынын айтты.
Сондай-ақ, ол әзірге "Омикрон" штамына байланысты оқушыларды қашықтан оқу форматына көшіру мәселесінің қаралып жатқан жоқ екеніне тоқталды.
"Әзірге бұл туралы айту ерте, ведомство аралық комиссия шеңберінде жұмыс істейміз. Қазір қандай да бір шешім қабылдау үшін қолда мәлімет жеткіліксіз", – деп қосты Асхат Аймағамбетов.
БҒМ бұл шектеулердің балабақшаларға да қатысты екеніне тоқталды. Десе де ертеңгіліктер әкімшілік пен санитарлық дәрігер келісімімен бір топ деңгейінде ғана өткізілуі мүмкін.
Еске салсақ, министр Асхат Аймағамбетов "Аналар үйінің" арқасында 11 жыл ішінде 121 жетімдер үйінің жабылғанын мәлімдеген еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
418
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
415
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
401
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
381
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
362
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
363
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
362
-
0
-
5
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
364
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
364
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
367
-
2
-
5
-