Асханалардың бәріне камера орнатылады.
Жаңа жылдан бастап мектеп асханасын жалға алушылар тауардың алдын ала сомасын ұсынады және қолма-қол төлемге тыйым салынады, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
"Мектептегі тамақтандыруға қатысты тиісті нормативтік құжат қабылдадық. Жаңа жылдан бастап асхананы жалға алушылар осы құқықтық қарым-қатынасты ұстанатын болады. Өзім мектептерге барып көрген кезде біреуінде 0,5 литр судың бағасы – 150 теңге, ал екіншісінде 350 теңге болды. Бұл ақылға симайтын бағалар. Енді мектеп асханасын жалға алушы алдын ала соманы ұсынады. Бұл елдегі орташа бағадан аспауы тиіс. Мұнымен қатар, орташа бағаны мемлекеттік сатып алулар порталы мен дүкендерден көруге болады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, жаңа енгізілген ережеге жеткізушілер қарсы болып отыр. Сондай-ақ, ол мектептерде қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілетінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: Балалардың қиялын дамыту үшін ғылыми фантастикаға көңіл бөлуіміз керек
"Балалар міндетті түрде ақшамен жүруі керек деген сөз емес. Бұл гигиена тұрғысынан да дұрыс емес. Осы ақшаларды қолдану мәселесі туындайды. Сол себепті біз қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізу үшін барлық тамақтану орындарын камерамен жабдықтап жатырмыз", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
331
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
305
-
0
-
1
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
273
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
254
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
248
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
243
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
280
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
266
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
299
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
298
-
0
-
0
-