Министр енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленетінін айтты.
Бәсекелістікті арттырып, елдегі балабақшалардың сапасын жақсарту мақсатында енді мемлекеттік тапсырыс тек ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Мұндай шара сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін азайтады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министр жаңа бұйрықта мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін айтып, негізгілеріне тоқталды:
- Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілді.
- Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. Яғни, мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту. Саны жиырма бестен аспауы тиіс.
- Міндетті түрде бейнекамералар орнату.
- Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.
- Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.
- Білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.
- Білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады. Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады.
"Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Мұнымен қатар, министр жоғарыда айтылғандардан бөлек, төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті:
- Лицензиялауды қайтару.
- Жұмыс жағдайы мен сапасы тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу.
- Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру.
- Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.
Оқи отырыңыз: БҒМ балабақша тәрбиешілерінің жалақысын екі есе арттыруды көздеп отыр
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
370
-
0
-
1
-
-
2👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
297
-
0
-
0
-
-
3🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
288
-
1
-
2
-
-
4🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
292
-
0
-
0
-
-
5🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
289
-
0
-
0
-
-
6🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
281
-
0
-
3
-
-
7📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
307
-
0
-
0
-
-
8🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
348
-
0
-
2
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
314
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
291
-
0
-
4
-