Тікелей эфир

Аймағамбетов: Алматы әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беріледі

2023 жылы Алматыда 3 оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысының Алматы қаласына сапары аясында Оқушылар сарайы жұмысымен танысуына қатысты пікір білдірді.

Министр Алматыда қосымша білім беруді дамыту бағытындағы қандай жұмыстар жақсы жолға қойылғанын атап өтті:

  • қолданыстағы Оқушылар сарайын толықтай жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге заманауи екі инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға беріледі.
  • келесі жылы ескі ғимараттарды бұзып, 3 оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні жобалау жұмыстары басталып кетті.
  • мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
  • жас туристер мен натуралистер (табиғаттанушы) станциялары жаңартылады.
  • мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Наурызда кешірімді болу мен мейірімділік таныту өте маңызды


"Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек. Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрліктің нормативтік актілерінде арнайы шарттар мен құзыреттер қарастырылады. Сонымен қатар, қаланың білім беру ұйымдары негізгі инновациялық алаңдарға айналады.

Серіктестер жаңалықтары