Тікелей эфир

Айдан Ақанов "Верный Капитал" компаниясының бас директоры болып тағайындалды

Бұған дейін ол бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған болатын.

"Верный Капитал" компаниясын 2012 жылдан бері басқарып келген бас директор Ерлан Оспанов қызметінен кетіп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Айдан Ақанов бас директор болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

"Мен компанияны көшбасшылық деңгейге көтерген жемісті ынтымақтастық жылдар үшін Ерлан Оспановқа алғысымды білдіремін. Алда сабақтастық пен жаңа күш-қуатты сақтай отырып, Верный Капиталдың басқаруымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына компанияның қосар үлесін мейлінше арттыру үшін келесі кезең күтіп тұр", – деп атап өтті компания тобының акционері Болат Өтемұратов. 

Айдан Ақанов "Верный Капиталда" 15 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде ол Қазақстанда да, сондай-ақ шетелде де ірі инвестициялық жобаларды дамытумен айналысқан. 2019 жылдан бастап СFO қызметін атқарып, инвестициялық жобалардың қаржылық бағытына жауапты болды.

Айдын Ақанов, "Верный Капитал" компаниясының жаңа бас директоры 

Arthur Andersen/Ernst &Young компаниясында жұмыс істеді, оған дейін канадалық компанияда қаржы директоры қызметін атқарды. Әл-Фараби атындапғы Қазақ Ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдап, Hofstra University (АҚШ) МВА дәрежесін алды.

Бұрын 2023 жылдың тамызында топ тарихында бірінші рет менеджмент тобының (management-buyout, МВО) компаниялардың бірін сатып алу оқиғасы орын алды, нәтижесінде Қарағанды әуежайының акциялары акционерден топ-менеджерлерге берілді. Осылайша, Ерлан Оспанов пен Айдан Ақанов оның иелері атанды. МВО бизнес-тәжірибеде кең таралған мәміле түрі болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары